Астанада интернет арқылы алдап келген алаяқтар ұсталды

1088

Ерлі-зайыптылар сайттарға арзан бағаға көлік сатамын деп жарнама беріп, бір күндік телефон нөмірлерді көрсеткен.

Астанада интернет арқылы алдап келген алаяқтар ұсталды

Астана қаласының ішкі істер департаментінің қызметкерлері интернет алаяқтық жасап жүрген екі азаматты ұстады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ерлі-зайыптылар сайттарға арзан бағаға көлік сатамын деп жарнама беріп, бір күндік телефон нөмірлерді көрсеткен.

"Олар өздерінің жарнамасына өзгенің жарнамасындағы көліктің фотосын алып қойған. Өздерінің болашақ "құрбандарын" таңдағанда олар алдымен сатып алушы қай облыстан екендігін анықтаған, сосын көлік басқа облыста тұр деп алдаған. Көлікті сатуға келіскен соң сатып алушы келгенше көлікті сатпауға кепілдік беруді сұраған. Оны киви әмиян немесе банк картасына аударуды сұраған. Сатып алуға ниеттенген адам ақша аударысымен бірден жарнаманы жойған, телефонды өшірген, сим картаны жойған", - делінген елордалық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ұсталған азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Интернет-алаяқтықтың жиілеуіне байланысты Астана полицейлері интернет-сатып алушыларға алдын-ала төлем жасамауға кеңес береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу