Астанада интернет желісі арқылы алаяқтық жасаған жігіт қолға түсті

471

Елорданың Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасаған 18 жастағы Ақмола облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада интернет желісі арқылы алаяқтық жасаған жігіт қолға түсті

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші "Олх" сайтына өзінің ноутбугын "Ihpone 13" маркалы ұялы телефонға ауыстырамын деген хабарлама орналастырады. Содан кейін оған жас жігіт хабарласып, ноутбукке ұялы телефонын ауыстыратынын айтып сендірген. Екеуі заттарын бір-біріне такси арқылы салып жіберетін болып келіседі. Жәбірленуші өзінің ноутбугын көрсетілген мекен-жайға такси арқылы салып жібереді, алайда жас жігіт уәдесін орындамай ұялы телефонын өшіріп, хабарсыз кеткен. Келтірілген шығын көлемі 147 мың теңгені құрады.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді", - деп жазды ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу