Көліктегі ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Стоп-Трафик" жедел профилактикалық іс-шарасының аясында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, Астана қаласындағы теміржол вокзалында интим қызметін көрсету үшін қыз тауып беретін 27 жастағы жігітті қолға түсірді, деп хабарлайды 24.kz.
Тексеру барысында одан 2000 теңге тәркіленді. Ол оны 1982 жылы туған азаматшаға берген. Ұсталғандар дактилоскопиядан өтіп, тіркеуге қойылды. Бұл дерек ҚР ҚК 309-бабының 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу