Астанада иппотерапия орталығы ашылды

721

Елордада Республика күні мен Балалар жылына орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешені ашылды. Мұнда халықаралық жарыстар да өткізуге болады.      

Астанада иппотерапия орталығы ашылды Фото: gov.kz

Ат спорты-сауықтыру кешені елордада балалар мен жасөспірімдер спортының дамуына да ықпал етеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Толық қуатта иппотерапия орталығы 2023 жылдың көктемінен бастап жұмыс істейді. Ипподром балалардың денсаулығын нығайтып, психоэмоционалды жағдайын жақсартатын пайдалы іс-шараларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

"Астанада "Арғымақ" ат-сауықтыру кешені салынды. Кешен халықаралық стандарттарға толықтай сәйкес келеді және келесі жылдан бастап толық күшіне енеді. Мұнда да халықаралық жарыстар өтеді, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің балалары да қатысатын болады", - деді ат спорты түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Аманжол Хасенов.

Жергілікті атқарушы орган мәліметіне сәйкес, елордада 7,1 мың мүгедек бала бар, олардың бір мыңға жуығы денсаулығы бойынша және диагнозға сәйкес иппотерапиямен айналысуы қажет. Балалар үйретілген жылқылар арқылы ат спортымен шұғылдана алады, тіпті, жарыстарға, оның ішінде арнайы олимпиада аясында қатыса алады.

"Мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жасалып отырған мұндай нысанның пайда болғанына қуаныштымын. Иппотерапия бізге көп көмектеседі, ана ретінде мұндай орынның ашылғанына өте ризамын", - деп ерекше баланың анасы Айнагүл Құдайбергенова.

Иппотерапия - үйретілген атпен жүру арқылы оңалту әдісі. Емдік мақсатта атпен жүру баланың денесіне биохимиялық әсер етеді, оны нығайтады. Ол шабандозға баланың жүру қимылына ұқсас мотор импульстарын береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу