07-20-да Астана қаласы Байқоңыр ауданында ангар үлгісіндегі жеке тұрған бір қабатты қойма өртенді деген хабарлама келді, деп жазады inbusiness.kz сайты ҚР ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша өрттің жалпы ауданы 1000 шаршы метр.
ТЖД жеке құрамынан 65 астам адам және 15 техника жұмылдырылды.
Сағат 07.20-да Астана қ.ТЖД бөлімшелері Байқоңыр ауданында орын алған өрт орнына шықты. Өрт сөндірушілердің келіп жетуі бойынша 1000 ш.м. алдын ала алаңда отпен толық оранған бір қабатты қойма үй-жайы жанып жатқаны анықталды.
Өрт кезінде ғимараттың алдыңғы қабырғасы мен шатыры құлады. Оқиға орнында үш жауынгерлік учаске құрылды.
Өрт сөндіру жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, 15 техника жұмылдырылды.