Астанада ірі көлемде пара алған полиция қызметкері ұсталды

628

Тркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 000 теңге көлеміндегі пара алды деген күдікке ілінді.

Астанада ірі көлемде пара алған полиция қызметкері ұсталды

Астана қаласының ішкі істер департаментінің Есіл аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің басшысы едәуір көлемде пара алу кезінде әшкереленді, деп хабарлайды elorda.info ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

"6 қыркүйекте Астана қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында парақорлықта Астана қаласының ішкі істер департаментінің Есіл аудандық ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің басшысы әшкереленді", - делінген хабарламада.

Ол оған бағынышты делдал арқылы тіркелген қылмыстық істі тоқтату үшін 300 000 теңге көлеміндегі пара алғандығы бойынша күдіктелуде.

Айта кетейік, өз кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті қамалған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу