Астанада ішімдік ішкен ер адам суға шомылмақ болып, киімімен көпірден секірген

466

Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенін қайықпен патрульдеу кезінде ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада ішімдік ішкен ер адам суға шомылмақ болып, киімімен көпірден секірген Фото: Бейнежазбадан

"Бүгін, сағат 11.25-те елордада Төтенше жағдайлар департаменті Жедел-құтқару жасағының бөлімшесі Есіл өзенін қайықпен патрульдеу кезінде "Серуен" жаяу жүргіншілер көпірінен өзенге секірген адамды құтқарды. 35-40 жас шамасындағы ер адам мас күйінде суға түсіп, батып кете жаздады", - делінген ТЖД хабарламсында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу