Астанада "Jana Beles Fest" шығармашылық фестивалі өтеді

126

Фестивальдің мақсаты – Астана қаласының жастары арасында мәдениет пен өнерді дамыту. 

Астанада "Jana Beles Fest" шығармашылық фестивалі өтеді Фото: gov.kz

"Астана жастары" жастар ресурстық орталығының ұйымдастаруымен 1 мамыр – халқымыздың бірлік күніне орай орта арнаулы оқу орындарының бірлігін нығайта түсу мақсатында 22-30 сәуір аралығында "Jana Beles Fest" шығармашылық фестивалі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.

"JANA BELES FEST-2024" фестивалі елордалық жастардың ең жігерлі және шығармашылық өкілдерін біріктіретін студенттер үшін маңызды іс-шаралардың бірі болып саналады. Фестивальдің мақсаты – Астана қаласының жастары арасында мәдениет пен өнерді дамыту, сондай-ақ көшбасшылық дағдылар мен коммуникабельділікті дамыту, студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты дамыту, мәдени тәрбиені арттыру, талантты студенттерді анықтау және жан-жақты қолдау.

Жобаның ашылу салтанаты 22 сәуір күні өтеді. Ал жабылу салтанаты Бейбітшілік және Келісім сарайында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу