Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды

140

Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі уақытша жабылды Фото: inbusiness.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қазіргі уақытта Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі Қабанбай батыр даңғылында, атап айтқанда, дөңгелек алаңның үстіндегі көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осы жылдың 22-24 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы бойынша Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі жол учаскесі толығымен жабылады.

Бұл ретте Сығанақ көшесі ашық күйінде қалып отыр.Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды және аталған шектеулерді ескере отырып, өз бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу