Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жабылады

434

Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті.

Астанада Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жабылады Фото: gov.kz

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жұмыс жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаланың әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жүргізіліп жатыр.

Жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты 12-15 шілде аралығында Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін Қабанбай батыр даңғылымен өтетін жергілікті жол жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет", делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу