Астанада қайырымдылық жарысы өтеді

788

Іс-шара Қазақстанда алғашқы жүрек трансплантациясының күніне орайластырылып отыр. 

Астанада қайырымдылық жарысы өтеді Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада Jüregımnıñ Jenımpazy атауымен "Жүрек орталығы" қоры ұйымдастырған қайырымдылық жарысы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс 6 тамызда өтеді. Іс-шараның өткізілуіне байланысты осы күні таңғы сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін көшелердің мынадай учаскелері жабылады:

  •  Ақмешіт көшесінен бастап ЭКСПО аумағын толық айналып өту;
  •  Түркістан көшесі Ұлы-Дала көшесінен Абу-Даби Плаза ғимаратына дейін;
  •  Ақмешіт көшесі – Абу-Даби Плаза ғимаратынан ЭКСПО алаңына дейін
  •  3 шақырым қашықтыққа Ұлы Дала көшесінің бойындағы Ақмешіт көшесі мен Түркістан көшесінің аралығы жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу