Астанада қала күніне орай мерекелік отшашу өтті

115

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Астанада қала күніне орай мерекелік отшашу өтті Фото: Астана қаласының әкімдігі

Шара демеушілердің қолдауымен өтті.

Отшашу 23:00 шамасында Ботаникалық бақ аумағынан атылды.

Мерекелік Open Air мен отшашуды тамашалауға 100 мыңнан астам адам жиналды.

Отшашудың жалпы ұзақтығы – 5 минут, ал атылған фейерверк саны – 1 700-ден асты.

"Астана Арена" стадионы маңындағы үлкен концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

Олардың қатарында Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы, жастардың сүйікті тобы 6elucci, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу