Астанада қала маңы бағдарларындағы бірқатар автобус тоқтатылды

397

Бұл шара ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданып отыр.  

Астанада қала маңы бағдарларындағы бірқатар автобус тоқтатылды Фото: inbusiness.kz

Астанада қатты аязға байланысты қала маңындағы бірқатар автобус бағыты тоқтатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CTS-ке сілтеме жасап.

"Ауа райының нашарлауына байланысты (ауа температурасының төмендеуі), қала маңына қатынайтын №№ 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328, 329 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу