Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Астанада қала маңына қатынайтын автобустар уақытша тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
City Transportation Systems (CTS) компаниясының мәліметінше, № 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 327, 328, 329 қала маңындағы маршруттардың қозғалысы тоқтатылған.
Қалған қала маңындағы маршруттар желіде жұмыс істеп тұр.
Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу