14 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында бес қаламаңы теміржол электр пойызы уақытша "Нұрлы жол" станциясынан жөнелтіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz "Қазақстан темір жолы" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атбасар" қатынасындағы №6803 электр пойызы жөнелту уақыты – 7.30-да;
"Нұр-Сұлтан – Көкшетау" қатынасындағы №6829 электр пойызы жөнелту уақыты – 8.08-де;
"Ерейментау – Нұр-Сұлтан" қатынасындағы №6831 электр пойызы келу уақыты – 7.18-де;
"Қарағанды – Бурабай курорты" қатынасындағы №7553 электр пойызы келу уақыты – 8.56 және кету уақыты – 9.20;
"Бурабай – Қарағанды курорты" қатынасындағы №7556 электр пойызы сағат 19.20-да келіп, сағат 20.00-де жөнелтіледі.
Сондай-ақ, "Ерейментау – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" қатынасындағы №6831 электр пойызының Қырқыншы станциясындағы тұраққа тұруы уақытша тоқтатылады. Қалған теміржол жолаушылар пойыздары әдеттегідей жүреді.