Елордалық полицейлер ұрлыққа қатысы бар 34 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу барысында күдікті №33 маршруттық автобус салонында ер адам жолаушының күртешесінің қалтасынан ұялы телефон мен картаны ұрлағаны анықталды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұрлыққа қатысы бар адам мойындау көрсетпелерін берді. Ұрланған телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.