Бүгінен бастап Астанада "Сергек" камераларының дерегі бойынша жазалау шаралары жүргізіледі. Бұл жүйе жылдамдықты асыру, қоғамдық көлік жолағымен жүру, сызықты кесіп өту сияқты бұзушылықтарды қарастырады.
Жалпы жыл соңына дейін көпшілік жүретін жерлерде 13 мың камера орнатылады. Оның 3 мыңға жуығына жалпы бейнебақылау жүйесі енгізіледі. Бұл құрылғылар тәулік бойы жұмыс істейтін болады. Астанадағы сурет және бейне жазу камераларының орналасу картасын citycams.kz сайтынан көре аласыздар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу