Астанада қан тобы сәйкес келмейтін адамдардың бауыры алмастырылды

1495

 Астанада қан тобы сәйкес келмейтін адамдардың бауыры алмастырылды

Қазақстанда алғаш рет қан тобы сәйкес келмейтін адамдардың бауыры алмастырылды. Бұл үшін Астана қаласының онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығына Оңтүстік Кореядан профессор Кванг Вунг Ли арнайы келді. Шетелдік дәрігердің шеберлік сабағы қазақстандық ақ халаттылардың біліктіліктерін арттыруға септігін тигізбек.

Операцияға үкімет тарапынан 5 миллион теңге бөлініпті. Шетелде мұндай отаны жасау құны 100 мың еуродан асып түседі.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда бауыр алмастыру операциясына кезекте үш жүзден астам адам тұр.

Тоқан Сұлтаналиев, Астана қаласы онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығының бас хирургі:

"Осындай оталар әлемде соңғы 7 жылда жүргізіліп келеді. Бүгін бізге Оңтүстік Корея елінен тәжірибелі маман келді. Оның айтуынша, барлық жасалған 700 операцияның 25 пайызы қан тобы сәйкес келмейтін донордың көмегімен жүргізіледі. Айта кету керек, нәтижелері де үйреншікті оталардан кем емес. Ауру асқынбауы үшін ұзақ уақыт пациент арнайы процедуралардан өтеді. Бүгін Корей елінің профессоры жүргізген операция, яғни тәжірибелік сабақ біздің мамандардың алдағы уақытта мұндай оталарды еркін жүргізуге септігін тигізеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу