Астанада қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік мекеме пайда болады

910

Астанада қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік мекеме пайда болады

Астанада қаңғыбас жануарларға арналған мемлекеттік орталық пайда болады. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылады. Орталыққа қажет жер арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы ауданында бөлінді. Жаңа орталықта үнемі төрт жүзге жуық ит пен жүзге жуық мысық ұсталатын болады. Орталық аумағында ит пен мысықтарды жаттықтыруға арналып жабдықталған аула болатынын айтады "Астана ветсервис" өкілі.

Жануарлар үйі жартылай мемлекет есебінен қаржыландырылады. Сондай-ақ халыққа қызмет көрсету арқылы өзін-өзі қамтамасыз етеді.

"Онда байланыс жануарлар бағы, үйрету алаңдары, карантинді бөлік және жануарларды стерильдеу блогы болады. Иесіз жануарлардың көбеймеуі үшін стерильдеу жүргізіледі", – дейді А.Арыстанов. Жануарларға пана болатын орталықты салу идеясын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев ұсынған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу