Астанада қаңтар оқиғасы бойынша сотталған 2 адам бостандыққа шықты

680

Астана қаласы бойынша Қаңтар оқиғасына байланысты 21 адам жазасын өтеп жатыр.    

Астанада қаңтар оқиғасы бойынша сотталған 2 адам бостандыққа шықты Фото: zakon.kz

Оның үшеуі қауіпсіздігі барынша төмендетілген мекемеде. Ал 18 адамның бас бостандығы шектеліп, пробациялық бақылауда тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz қалалық қылмыстық атқару департаментіне сілтеме жасап. 

"272 бап бойынша 10 сотталған, жаңағы 291 бап бойынша 3 сотталған, және 188 бап бойынша сегіз сотталған ұсталады. Осы сотталғандардың бәріне рақымшылық заңы қолданылып, бүгінгі таңда материалдар Байқоңыр аудандық сотында жатыр", - деді қалалық Қылмыстық атқару департаменті бастығының орынбасары Рысбек Тұрғымбаев.

Жазасын өтеп жатқан бір адамның мерзімі қысқарса, екеуі дереу босатылады. Жалпы алғанда Қаңтар оқиғасы бойынша елде мың жарым адам рақымшылыққа ілінеді. Олардың барлығы қашан толық босап шығатыны әзірге белгісіз. Өйткені кейбір іс әлі тергеліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу