Синоптиктердің болжамы бойынша қаңтар айының соңғы күндері ауа райы жылынады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"Қазгидрометтің" болжамы бойынша 30 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -17...-19°С, күндіз -8...-10°С құрайды.
Бейсенбі, 31 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, аздап қар жауады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -15...-17°С, күндіз -12...-14°С құрамақ.
1ақпанда Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз.Солтүстік-шығыстан екпіні 9-14 м/с дейін жететін жел соғады. Сынап бағанасы түнде -26...-28°С, күндіз -18...-20°С көрсетеді.