Астанада қар күреу жұмысына 2 800-ден астам жол жұмысшылары тартылды

123

Елордада коммуналдық қызметтер қар мен көктайғақтан тазарту жұмысын тәулік бойы тоқтаусыз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада қар күреу жұмысына 2 800-ден астам жол жұмысшылары тартылды Фото: Астана әкімдігі

Өткен түнде коммуналдық қызметтер 1776 текше метр қарды 147 рейспен қала сыртына шығарды. 16 қарашада күндізгі ауысымда қар күреу жұмысына 2839 жол жұмысшысы мен 811 арнайы техника жұмылдырылды.

Коммуналдық қызметтер жолдар мен тротуарларды көктайғақтан тазартуға ерекше көңіл бөлініп жатыр, тұрғындардың қауіпсіз жүруі үшін техникалық тұз себіліп жатыр.

Айта кетейік, қыс басталғалы бері 23 113 ауыр жүк көлігі 257 мың текше метрден астам қарды арнайы полигондарға шығарды.

Ең алдымен негізгі көшелер мен қоғамдық көлік жолдары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтар – аула, алаң, тротуар мен аялдамалар тазаланады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу