Астанада 2,6 мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты

208

Коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар күреп жатыр. 

Астанада 2,6 мыңнан астам жұмысшы қар күреуге шықты Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1,3 мыңнан астам арнайы техника шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер тәулік бойы қар күреп жатыр. Қыс мезгілінің басынан бастап олар үздіксіз күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

"31 желтоқсан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,6 мыңнан астам жол жұмысшы мен 1 346 бірлік арнайы техника шықты. 31 желтоқсанға қараған түні 1 829 ауыр жүк рейсімен 24 мың текше метрден астам қар шығарылды",  делінген хабарламада.

Айта кетейік, қысқы маусымның басынан бастап полигондарға 157 мыңнан астам рейспен 2 042 267 текше метр қар шығарылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу