Астанада қар тазаламаған 12 ПИК-ке айыппұл салынды

876

Астанада қар тазаламаған 12 ПИК-ке айыппұл салынды

Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі елорданың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағындағы қарды тазалауды бақылау бойынша рейд жүргізуде.

Қалада қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Бұл іс тек коммуналдық сала қызметкерлерінің емес, кәсіпкерлер мен тұрғындардың да мойнында. Олар қарды шаhар сыртына шығаруға міндетті емес. Өзіне тиесілі аумақты тазартса жеткілікті. Қардың дер кезінде тазартылмағаны үшін кәсіпкерлер мен тұрғындарға қомақты айыппұл салынбақ. Оның сомасы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 505-бабына сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

2017 жыл басталғалы Астанада тиісті аумақтағы қарды тазаламағандары үшін 12 ПИК әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұлдың жалпы көлемі - 567 250 теңге. 2016 жылы жауапты аумақты қатты тұрмыстық қалдықтар, құрылыс қоқыстары және қардан тазарту жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізбегендері, сондай-ақ ғимараттардың сыртқы бетіне бей-жай қарап, кіреберіске хабарландыру тақтайшаларын қоймағаны үшін 189 ПИК-ке айыппұл салынды. Оның жалпы сомасы - 7 762 860 теңге, деп хабарлады Астана қаласының ішкі істер департаментінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу