Астанада қар тазалау жұмыстарына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мың бірлік арнайы техника жұмылдырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Елордалық коммуналдық қызмет мамандары қар тазалау бойынша күшейтілген режимде жұмыс жүргізуде. 29 ақпан күні таңертең қаланы қардан тазалауға 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1,2 мыңнан астам арнайы техника шықты.
Сонымен қатар 28 ақпаннан 29 ақпанға қараған түні қаладан 31 мың текше метр қар шығарылды, бұл 2,3 мыңнан астам ауыр жүк көлікке тең.
Қала тұрғындарының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар коммуналдық қызмет тротуарларды мұздан қолмен тазартады.