Елордада соңғы бірнеше күнде толассыз қар жауды. Қалың қар жауған жағдайда қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істейді. 15 қаңтар күні таңертең қар тазалау жұмысына 2 500-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.
15 қаңтарға қараған түні коммуналдық қызметтер Астанадан 30 мың текше метрге жуық қар шығарды, бұл 2 169 ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына барлығы 154 134 рейс, яғни 2,1 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Айта кетейік, Астанада бірнеше қар полигоны жұмыс істейді. Олардың барлығы самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен, бейнебақылаумен және жарықтандырумен жабдықталған.