Астанада ауа райы -4°С дейін төмендеп қар, боран болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМҚ сілтеме жасап.
Сейсенбі, 30 қазанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болып арты қарға ұласады. Күндіз көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14, екпіні 15-20 м/с, түнде және күндіз ауа температурасы шамамен 0 °С, күндіз ауа температурасы төмендейді.
31 қазанда көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, боран соғады. Жел солтүстік-батыстан 9-14 м/с, ауа температурасы түнде -5-7°С, күндіз -2-4°С.
1 қарашада көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз қар жауады, боран соғады. Жел батыстан 9-14, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с, ауа температурасы түнде -7-9°С, күндіз -1-3°С.