Астанада қар жинау жұмысына 2032 техника жұмылдырылды

1078

Астанада қар жинау жұмысына 2032 техника жұмылдырылды

Бүгін Астанада қар жинау жұмыстарына 2032 арнайы техника мен 1954 адам жұмылдырылды, деп жазады astana.gov.kz.

"Астана-Тазалық" ЖШС хабарлауынша, өткен тәулікте 52 мың текше метрден астам қар шығарылды. Қар жинау жұмыстары қаланың барлық аудандарында тәулік бойы жүргізіледі.

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 26 қаңтарда күн бұлтты болады, қар жауып, боран соғады. 9-14 м/с жылдамдықпен оңтүстік-батыстан шығысқа ауысқан жел соғады, кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде және күндіз ауа температурасы -5...-7°С болады.

27 қаңтарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстіктен 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде ауа температурасы -14...-16°С, күндіз -8...-10°С болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу