Астанада Қарағанды облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі ашылды

376

Жәрмеңкеде өңірдің 80 шығармашылық өкілі өз туындыларын таныстырды.

Астанада Қарағанды облысының креативті индустрия өкілдерінің жәрмеңкесі ашылды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында Креативті индустрияларды дамыту қорының Creative Aimaq республикалық жобасы аясында Қарағанды облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көпшілік авторлық бұйымдарды сатып алып, шеберлік сабақтарға қатыса алады. Көрмеге кескіндеме туындылары, зергерлік бұйымдар, дизайнерлік киім топтамалары, кілемдер, керамика және сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары қойылған. Сонымен қатар инклюзивті шығармашылық, ұлттық музыкалық аспап, ақпараттық технология, жасанды интеллект және ұшқышсыз құрылғылар бойынша жобаларға арналған арнайы алаңдар жұмыс істейді.

Жәрмеңке аясында белгілі суретші Қаріпбек Күйіковтің "Қайсар рух" және "Жизнь без рук" кітаптарының таныстырылымы өтті.

Креативті жәрмеңкеде дизайнерлік топтамалардың көрсетілімі, шеберлік сабақтары жоспарланған. Бұдан бөлек, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігі әртістері өнер көрсетеді. Жәрмеңке 17-18 қазан күндері өтеді.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі шығармашылық индустрия өкілдерін қолдауға, отандық өнімдерді кеңінен танытуға және еліміздегі креативті кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу