Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 миллион теңгеден аса мүлікті иемденген. Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда", - деп жазылған хабарламада.
Оны елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу