Астанада каратэден әлем чемпионаты өтеді

685

Бұл туралы Жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті  Кәрім Мәсімов.

Астанада каратэден әлем чемпионаты өтеді

Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығының 1-конгресі өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Шара барысында төрт меморандумға қол қойылды.

Ұйым төрт негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Олар: каратэ, күрес, ММА және аралас жекпе жек түрлері. Бүгінде ассоциацияға 200 мыңнан астам спортшы кіреді.

Естеріңізге салайық, Қазақстанның Жауынгерлік өнер қауымдастығы өткен жылы құрылған. Оның құрамына олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша 20 федерация кіреді.

"Ассоциация жауынгерлік өнердің құндылықтарын түсіндіріп, бұқаралық спортты дамытуға атсалысады. Спорттағы  кадрларды даярлауға өз септігін тигізеді. Ұйым Қазақстанда жауынгерлік өнерді дамытатын орталық органға айналады. Бүгінде еліміз бойынша ұйымның өкілдіктері жұмыс істейді. Олар жергілікті жерлерде жауынгерлік өнердің дамуына ықпал етуде. Бүгінгі күні күшті бір жерге жұмылдыру өз жемісін беруде. Сондай-ақ биылғы жылдың желтоқсанында киокушинкай каратэнің КВЮ нұсқасы бойынша Астанада әлем чемпионатын өткізу туралы ұсынысты қабылдадық",– дейді Қазақстандық жауынгерлік өнер қауымдастығының президенті Кәрім Мәсімов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу