Астанада кардиохирургтер жүрекке ерекше операция жасады

1038

Әлемде алғаш болып науқас жүрегіне сымсыз қарынша орнатты.

Астанада кардиохирургтер жүрекке ерекше операция жасады

Әлемнің жетекші кардиохирургтері адам баласына алғаш жасалған тағы бір бірегей операцияның сәтті өтіп, науқастың өмірге оңай бейімделіп кеткендігін жариялады.

Бұл ерекше операция Астана жасалды. Оның бірегейлігі сол, жүрегінің сол жақ қарыншасы алмастырылған науқасқа қанайналым құрылғысы тек іштен орналастырылады.Бұл науқастың ешбір құрылғыға байланбай, емін-еркін жүруіне мүмкіндік береді. Ең бастысы, инфекцияның жұғуына жол бермейді.

Жүрек қарыншасы алмастырылған 24 жасар жігіт қазір қоғамдық орындарға барып, жүзумен айналысады екен. Құрылғыны ойлап тапқан мамандар Астананы соңғы уақытта бұл қалада жүрек аурулары жиі әрі сәтті емделіп жүргендіктен таңдаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу