Астанада қарды уақытында жинамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

924

Астанада қарды уақытында жинамаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды

Елорданың санитарлық жағдайын жақсарту және қала аумағын қардан, мұздан және қоқыстан тазалауды бақылау мақсатында елордалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің табиғат қорғау полициясының қызметкерлері кезекті рейд өткізді. Бір күн ішінде санитарлық тазарту ережелерін бұзғаны үшін 50-ден аса құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Мысалы, Бәйсейітова көшесінде орналасқан дүкенді жалға алушыға 30 АЕК (68 070 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жылы табиғат қорғау полициясының қызметкерлері қаланы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 5 мыңнан аса заңды және жеке тұлғаны жауапқа тартқан. Айыппұлдың жалпы сомасы 63 млн теңгеден астам соманы құрады.

Астана қаласын абаттандыру ережелеріне сәйкес, қала көшелерінен келетін және бекітілген аумақтарды, кіре берістерді тазартуды және күтіп ұстауды бөлінген аумақтарда орналасқан құрылыстарды пайдаланатын және меншігіне алған заңды және жеке тұлғалар іске асырады. Осы ретте кәсіпкерлер тазалау жұмыстарын өз бетімен немесе мамандандырылған кәсіпорындармен келісімшарт бойынша іске асырады.

Жақын маңдағы аумақты қар мен қоқыстан уақытында тазаламағаны үшін шағын және орта бизнес объектілері ҚР ӘҚБК 505-бабы "Қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу