Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

719

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада Кәрім Мәсімовтің соты басталды

"2022 жылғы 18 қарашада Кәрім Мәсімовтің ісіне қатысты сот басталды", - дейді елорда сотынан.

Еске сала кетсек, биыл 6 қаңтарда Кәрім Мәсімов ҰҚК төрағасы лауазымынан босатылды. 

Сондай-ақ, 6 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігімен мемлекетке сатқындық фактісі бойынша К.Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу