Астанада кәріз құдықтарына ұрыларға керек емес люктер орнатылады

718

Мұндай люктер металл сынығы ретінде жарамсыз болып саналғандықтан, оларды ұрлау да азаймақ. 

Астанада кәріз құдықтарына ұрыларға керек емес люктер орнатылады

Жаңа коммуникация жобаларында композиттік материалдардан жасалған люктер орнату қарастырылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай люктер металл сынығы ретінде жарамсыз болып саналғандықтан, оларды ұрлау фактілері да азаймақ. Алайда, полимерлі-құмды люктер үлкен жүктемеге төтеп бере алмайды, сондықтан жаңа жобаларды іске асыру кезінде олар тек қана көгалдар мен тротуарларда пайдаланылатын болады.

Ал қолданыстағы люктерде металл торлар орнатылады. Олар люктің қақпағы ұрланған жағдайда құдыққа құлаудан қорғайды.

Бүгінгі таңда 9 мыңнан астам люк тормен жабдықталған. Тор қақпағы жиі ұрланатын құдықтарға орнатылады, ал тереңдігі қауіп төндірмейтін құдықтарға орнатылмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу