Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қарталы көшесінің Н.Тлендиев даңғылынан Ақан Сері көшесіне дейінгі аралықта жол төсемінің орташа жөндеу жұмыстарын жүргізілетінін мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Осыған байланысты 2-3 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.
Астана тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болдырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу