Өткен аймен салыстырғанда қырыққабаттың бағасы 38%, картоп - 14% - ға, пияз - 6,3%-ға төмендеген. Ал қант бағасы 0,4%-ға арзандаған. Бұл туралы бағаға тұрақты түрде мониторинг жүргізетін инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының ақпаратында айтылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
"Баға төмендеуі негізінен биылғы өнімді жинауға тікелей байланысты. Мысалы, картоп, пияз және қырыққабаттың көтерме бағасы 2 есеге төмендеді", - делінген ресми ақпаратта.
Ведомствоның ақпараты бойынша, тұрақтандыру қорынан жыл басынан бері 300 тонна картоп, 339 тонна қант, 254 тонна күріш, 260 тонна қарақұмық жұмсалған.
Сарапшылар қалған позициялар бойынша да бағалар төмендеуге тиіс деп санайды.
Маусым айынан бастап, кесте бойынша дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі жүргізілуде. Осы кезге дейін Түркістан және Қарағанды облыстарының қатысуымен 3 жәрмеңке өткізілген, онда 900 тоннадан астам өнім сатылған, ең алдымен, ет және сүт өнімдері және көкөніс пен жеміс.
4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының жәрмеңкесі өтеді.