Астанада кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқан шенеунік жазаланды

236

Елордада мемлекеттік қызметкер кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада кәсіпкерлердің жұмысына заңсыз араласқан шенеунік жазаланды Фото: canva.com

Астана қаласының прокуратурасының мәліметінше, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік органдар тарапынан тыйым салу және шектеу шараларын қолдануының заңдылығына талдау жүргізілген.

"Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары кәсіпкер тарапынан растайтын құжаттар толық ұсынылғанына қарамастан, оған электронды шот-фактураларды жазып беруді шектегені анықталды.

Бұл мән-жайлар сотпен оның әрекеті заңсыз деп тану туралы әкімшілік істі қарау барысында да расталды", - делінген хабарламада.

Прокурордың қаулысымен мемлекеттік қызметкер ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу