Астанада кәсіпорын аумағынан мыс құбырлар ұрланған

257

Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Астанада кәсіпорын аумағынан мыс құбырлар ұрланған Фото: Polisia.kz

Қылмысты ашу үшін тәртіп сақшылары аумақты мұқият тексеріп, куәгерлерден сұрастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Ол осы кәсіпорында бұрын жұмыс істеген 42 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында бұрынғы қызметкер таныстарын алдап, ұйымның мүлкін алып шығуға көндіргені белгілі болды. Ол басшылықтың бұл жайлы хабардар екенін және олардың да үлесі бар екенін айтқан.

Түнде күдікті сыбайластарының көмегімен құрылысы жүріп жатқан кешенге заңсыз кіріп, 5 метрлік 140 дана мыс құбырды ұрлаған. Ұрланған мүлікті олар металл қабылдау орнына өткізген. Материалдық шығын шамамен 2 миллион теңгеден асады. 

Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Қалған 2 сыбайласы іс бойынша куәгерлер ретінде өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу