Астанада Каспий теңізінің құқықтық анықтамасы жөнінде конвенция қабылданады

1058

Астанада Каспий теңізінің құқықтық анықтамасы жөнінде конвенция қабылданады

Қазақстанда өтетін астаналық саммитте Каспийдің құқықтық анықтамасы жөнінде конвенция қабылданады, деп хабарлайды khabar.kz.

Каспийдің құқықтық мәртебесіне қатысты мәселе 25 жыл бойы талқыланып келіп, ақыры өз шешімін табатын болды. Жақын арада Қазақстанда өтетін астаналық саммитте аймақтық мемлекеттер барлығына ортақ Каспий бассейнінің мәртебесін анықтайды. Ұзақ жыл бойы бұл елдер арасында теңіз арқылы сан салада серіктестік орнату үшін келіссөз жүргізіліп келген еді. Қазақстан мен Әзербайжан секілді мемлекеттер осы мәселе бойынша ортақ ұстанымға келе алды.

"Қазір Каспийдің құқықтық мәртебесін анықтау жөнінде халықаралық конвенцияны аяқтағалы тұрмыз. Жұмыс 80%-ға орындалды десек те болады. Мәтін мәселесі бойынша қазірдің өзінде маңызды келіссөздер жүргізіліп жатыр. Барлық мемлекеттер Каспийдің бейбітшілік, достық пен ынтымақ мекені екенін мойындайды. Ол туралы тараптар ортақ пікірге ие. Әрине, кейбір мәселелер бойынша түрлі көзқарастар болуы мүмкін. Ал жалпы Каспийдің құқықтық мәртебесі тұрғысында Әзербайжан мен Қазақстан біртұтас позиция ұстанады", - дейді Әзербайжан СІМ баспасөз хатшысы Хикмет Гаджиев. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу