"Астана-Тазарту" компаниясының орнына "CleanCityNC" ЖШС келді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа-орталығы.
Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару ұйымдарын таңдауға арналған тендердің қорытындысына сай Астана қаласының аумағы бойынша "Clean City NC" ЖШС қызмет көрсететін болады, деп хабарлады табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қалдықтарды басқару және "жасыл экономика" бөлімінің басшысы Мирас Ғайсин.
Астана қаласының абаттандыру ережелеріне сай, коммуналды қалдықтарды шығару заңды тұлғалар (соның ішінде ПИК) басқа да шаруашылық субъектілер, қала аумағында қызметін жүргізетіндер, жеке тұрғын үйлер мен пәтерді жалға алушылардың иелері қалдықтарды шығару бойынша тендерді ұтып алған мердігер ұйымдармен келісілген негізде жұмыс жүргізеді.
"Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруға арналған ұйымдарды таңдау тендері үш жылда бір рет жүргізіледі. Бұл жолы байқауды өнеркәсіптік базасы мен қажетті техникасы жеткілікті "Clean City NC" ЖШС ұтып алды. Тиісті хабарлама заң талаптарына сай елорда әкімдігінің "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" ресми газеттерінде жарияланды", - деді М.Ғайсин.
Осыған дейін, Астана қаласының аумағында ҚТҚ шығару қызметін "Астана-Тазарту" ЖШС жүргізіп келген болатын.