Астанада қауіпсіздік белдігі симуляторы сынақтан өткізілді

1108

Астанада қауіпсіздік белдігі симуляторы сынақтан өткізілді

Бүгін Астанада қауіпсіздік белдігі симуляторы сынақтан өткізілді. Бұл ноу-хау "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының тапсырысы бойынша жасалып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тренажер қарапайым принцппен жұмыс істейді - адам жүргізуші креслосына отырады, белдікті тағады, одан кейін төмен жылдамдықпен (сағатына 10 км дейін) тосын кедергіге соғылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай тестілеуден кейін көпшіліктің қауіпсіздік белдіктерін пайдалануға қатысты көзқарасы бірден өзгереді - соққы күші қатерлерге кез келген ережеден артық көз жеткізеді.
Таныстырылым барысында компания басшысы Сауат Мыңбаев алғашқылардың бірі болып қауіпсіздік белдігі симуляторын тексеріп көрді. Сонымен қатар, әріптестерінің алдында сөз сөйлеген "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев  аталған ноу-хауды компанияның технологиялық көрсеткіші ретінде есептеп, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы жобаларға ерекше мән беретінін атап өтті. Оның айтуынша, ұлттық компания мен оның мердігер компанияларында жүктерді, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдайтын 20 мыңнан астам автокөлік бар.

"Ішкі тексерулер мен сауалнама деректері бойынша қауіпсіздік белдіктерін пайдаланатын компания қызметкерлері 30 пайызға да жетпейді. Тиісінше  қызметкерлеріміздің біразы күн сайын бастарын қауіпке тігеді немесе ауыр жарақат алады. Бұл жағдайды сөзсіз өзгерту керек", - деді Сауат Мыңбаев.

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау департаментінің деректеріне қарағанда,  әлемнің 52 елі арасында жол-көлік оқиғаларында адам өлімі жиі орын алатын ТМД елдері болып отыр. Ал бұл тізімнің ішінде Қазақстан "көш бастап" тұр.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу