Астанада қауіпті дрифт жасаған шетелдік жауапқа тартылды

269

Тексеріс барысында дрифтті BMW көлігі жасағаны анықталды.  

Астанада қауіпті дрифт жасаған шетелдік жауапқа тартылды Фото: polisia.kz

Көлікті 29 жастағы шетел азаматы басқарған. Ол қауіпті маневр жасағаны, көлікті пайдалану қағидаларын бұзғаны, сондай-ақ, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сот шешімімен жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

"Мұндай құқықбұзушылықтардың барлығы қатаң түрде тоқтатылып, кінәлілер заңға сәйкес міндетті түрде жауапқа тартылады", – деді ІІМ өкілі.

Полиция агрессивті көлік жүргізу, дрифт жасау және жол қозғалысы ережелерін әдейі елемеу – жол қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу