Астанада "KazAgro/KazFarm-2022" ауылшаруашылық көрмесі өтеді

599

Іс-шара аясында Өсімдік шаруашылығы озаттарының екінші слеті өткізіледі.

Астанада "KazAgro/KazFarm-2022" ауылшаруашылық көрмесі өтеді

12-14 қазан аралығында Астанада "KazAgro/KazFarm-2022" көрмесі өтеді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Бағлан Бекбауов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"KazAgro/KazFarm-2022" нарыққа әлемдік жетекші автоконцерндердің, инновациялық технологиялар мен аграрлық секторды дамыту бағдарламаларының жаңа ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын ұсынады.

"Биыл слет Үкімет Қаулысына сәйкес жыл сайын 16 қазанда атап өтілетін нан күніне арналған үлкен кәсіби мерекемізге орайластырылған. Дәстүр бойынша, слет негізгі егін жинау науқанының соңында өтеді, ал осы жылы біздің фермерлер мақтануға тұрарлық нәтижелерге ие", – деді спикер.

Ведомство өкілінің айтуынша, республика бойынша барлығы 15,9 млн.га дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Бұл жалпы егін жинау алаңының 99,5%-ын қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу