Астанада 2019 жылдың 18 маусымынан 2020 жылдың 18 маусымына дейін мемлекет мұқтажы үшін 47 жер телімін алу жоспарланған, деп хабарлайды Елорда Инфо. Бұл жерлерде Қазақ драма театрының жаңа ғимараты салынады.
Жер учаскелері қаланың Алматы ауданындағы № 23-15 көше (жобалық атауы), А.Байтұрсынұлы және Ж.Нәжімеденов көшелерінің арасында орналасқан.
"Учаскелер "Объектілерді салу бойынша компаниясы" корпоративтік қорға қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес зерттеу, іздестіру және Қазақ драма театрын жобалау жұмыстарын жүргізу үшін берілген", – делінген Астана әкімдігінің 2019 жылдың 13 наурызындағы 510-382 қаулысында.