Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

1341

Астанада қазақ күресінен әлем чемпионаты өтеді

27-29 қазан күндері елордада Қазақ күресінен (Qazaq kuresi) әлем чемпионаты өтеді. Еліміздің ұлттық ойынына әлемнің 40 мемлекетінен ​ 172 палуан қатысады. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Аустралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун бар, деп хабарлайды elorda.info.

Ежелден келе жатқан қазақ күресі бүгінде қайтадан жанданып, спорттың бұл түріне әлем қызығушылығын тудырып отыр. Қазақ күресі түрлі той мен салтанатты іс-шараларда өткізіліп жүр. 2016 жылдан бастап ЮНЕСКО оны материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізген.

Чемпионатта 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәреже бойынша өтеді.

27-ші қазанда "Хан шатыр" ойын-сауық орталығында спортшыларды өлшеу және жеребе тастау шарасы жоспарланған.

28-29 қазан күндері "Барыс-Арена" мұзайдын сарайында жарыс болады.

Сайыстың алғашқы күні спортшылар 55, 90, 100, 100+ және келесі күні 60, 66, 74, 82 және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша бақ сынайды.

Іс-шараның басты ұйымдастырушысы:  "Қазақ күресі халықаралық федерациясы"  заңды тұлғалар бірлестігі.

Айта кету керек,  "Қазақ күресі халықаралық федерациясы" ЗТБ 2017 жылдың 24 наурызында Астана қаласының Әділет департаментінде тіркелген.

2017 жылдың ақпан айында 35 мемлекет өкілдерінің қатысуымен Астана қаласында өткен Қазақ күресі халықаралық федерациясының Конгресінде федерация жұмысы нықталып, президенті ретінде Қанат Бозумбаев тағайындалды. Сонымен қатар, федерацияның вице-президенттері қатарында олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен танымал балуан Дәулет Тұрлыханов, ҚХР мен Польша федерацияларының жетекшілері бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу