Астанада қазақ күресінен дәстүрге айналған "Қазақстан барысы" республикалық додасының аймақтық іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Елімізде 2011 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан "Қазақстан барысы" турнирінің іріктеу кезеңі басталды. Бәсекеде 80-ге жуық қатысушы 8 салмақ және түйе палуан бойынша жеңімпазды анықталады.
"Жеребе қорытындысы бойынша, өзімнің досыммен алғашқы айналымда түсіп қалдым. Бір-бірімізді өте жақсы білеміз. Әр әдісті талдап, жаттығатын едік. Содан болар, белдесу барысында жеңімпаз анықталмады. Негізгі уақытқа бар күшімізді салып, қосымша кезеңге күш қалған жоқ. Нәтижесінде салмағым жеңіл болғандықтан, мен келесі кезеңге өттім", - деді 74 келідегі спортшы Бейбарыс Қыдырәлі.
Салмақ бойынша бірінші орын алған балуандарға "Астана барысы" атағы беріледі.
"Биылғы додада түйе балуан сайысы бойынша қаламыздың 15 балуаны күресіп жатыр. Олардың арасында былтырғы жеңімпаз Жасұлан Халхабаев бар. Фаворит ретінде 2018 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирінің чемпионы Олжас Шынкеев пен былтырғы қола жүлдегер Нұрдәулет Айсағалиевті айтар едім. Бірақ барлығын боз кілем көрсетеді",- деп жарыс ұйымдастырушысы Аян Ерназаров ойымен бөлісті.
Турнир жеңімпазы шілде айында "Қазақстан барысына" жолдама алады.
Айта кетейік, жалпы Астана қаласынан 2015 жылы Ғани Сейділдаев "Қазақстан барысының" қола жүлдегері атанған еді.