Қазақстан мен Өзбекстан жастары ғылым, мәдениет, кәсіпкерлік және креативті индустрия салаларын бірлесе дамытады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бүгін Астанада басталған қазақ-өзбек жастарының І конгресінде алдағы уақытта іске асырылатын ортақ жоспарлар талқыланды. Үш күнге жалғасатын форум жұмысына 100-ден астам белсенді жас жиналды.
"Өзбекстаннан жастар делегациясымен келдік. Екі ел президенті осы жастар саясатына көп көңіл бөліп отыр. Достық қарым-қатынаста келісімдер бар. Енді жастар конгресін біз Өзбекстанда да өткізуді жоспарлап отырмыз. Шараның маңыздылығы – бір-бірімізбен IT және медиа саласында тәжірибе алмасып, алдағы әріптестікті одан әрі дамыту", - деді Өр жастар ісі жөніндегі агенттігінің Наманган облыстық басқармасының бастығы Бахтияр Мирзатов.
Айта кетейік, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің елімізге сапары кезінде екі ел жастарының І Конгресін өткізу туралы бірлескен шешім қабылданған болатын.