Астанада қазақ тілі тегін үйретіледі

880

Елорданың №12 кітапханасы "Руханият" КММ-мен бірлесіп қазақ тілінің тегін курстарын өткізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

Астанада қазақ тілі тегін үйретіледі Фото: canva.com

Қазақ тілін оқыту жаңадан бастағандарға, оқып жүрген ересектерге офлайн форматта жүргізіледі.

Курс 21 тамызда басталады. Оған кез келген адам қатыса алады, өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі болуы керек. Сабақ аптасына 2 рет 1 сағат 20 минуттан өткізіледі.

Курстарға мына мекенжай бойынша жазылуға болады: Луи Пастер көшесі, 73, 10:00-ден 17:00-ге дейін. Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 21-77-71 сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу