Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі өтіп жатыр

301

Іс-шараға 500-ден астам бизнес өкілдері мен 50-ден астам ірі қытайлық компаниялар жиналды. 

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі өтіп жатыр Фото: inbusiness.kz

Іскерлік кеңестің қорытындысы бойынша 45 құжатқа қол қою жоспарланған, деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Жалпы Қазақстанда 4 мыңнан астам қытайлық компания жұмыс істейді, олардан түскен инвестиция көлемі соңғы 20 жылда $25 млрд жетті. 

"Екі ел арасында сенімді диалог пен жлғары дәрежелі қарым-қатынас орнатылған. Былтыр біздің елдер арасындағы өзара сауда көлемі 30%-ға өсіп, тарихи көрсеткіш – $41 млрд жетті. Соңғы 20 жылда жалпы құйылған инвестиция көлемі $25 млрд жетті. Қазіргі таңда Қазақстанда қытайлық капиталмен 4 мыңнан астам компания тіркелген. 45 ірі инвестициялық жоба іске қосылған", – деді премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр.

Қазақстан тарапынан іскерлік кеңестің тең төрағасы ретінде "Самұрық-Қазына" компаниясы белгіленген. Ұлттық компания CITIC, CNPC, CNNC, CGN, Sany, CRRC, State Power Investment Corporation, China Power International Holding, Power China, Huawei және т.б. сияқты жетекші қытайлық компаниялармен ынтымақтастық жасайды.

Іскерлік кеңес барысында $3,7 млрд сомасын 45 құжатқа қол қою жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу